
🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 7 тамызда Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.О. Нажикановтың төрағалығымен Қостанай облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары М.А. Сералиннің, Қостанай қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры А.Н. Утебаева, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
🔹Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты мәселелер қаралып, «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың негізгі ережелері түсіндірілді.
🔹Қатысушыларға Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді. Жаңа Конституцияның заңдылықты одан әрі нығайтудағы, құқықтық мемлекетті дамытудағы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы маңыздылығы мен артықшылықтары атап өтілді.
Бұдан әрі атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған негізгі ережелер мен өзгерістер, сондай-ақ заңнаманың жаңа нормаларын практикада қолдану мәселелері түсіндірілді. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарына енгізілген өзгерістерге және оларды практикада дұрыс әрі біркелкі қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔹Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты өзекті мәселелер, атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарын сақтау, атқарушылық құжаттарды уақтылы орындау және атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері қаралды.
Кеңес соңында қатысушыларға жеке сот орындаушыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі жобаның негізгі ережелері, сондай-ақ аталған жобада көзделген тәртіп пен негізгі талаптар түсіндірілді.
🔹Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті ұсынымдар мен түсіндірмелер беріліп, атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру барысында қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі атап өтілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1272251?lang=ru

Жауап қалдыру