МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП НОРМАЛАРЫН ҚЫЗМЕТТЕН ТЫС УАҚЫТТА ДА САҚТАУ ҚАЖЕТТІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 3 тамызда Атырау облысы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілерге арналған «Әдеп сағаты» өткізілді. Іс-шараны Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М. Музатова жүргізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары түсіндірілді. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау тек қызметтік міндеттерді орындау кезінде ғана емес, қызметтен тыс уақытта да міндетті екені атап өтілді. Себебі мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметтің беделіне тікелей әсер етеді.

Сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта қолдануға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік немесе психотроптық масаң күйде көлік құралын басқаруға жол берілмейтініне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге цифрлық кеңістікте жауапты мінез-құлық таныту, әлеуметтік желілерде қызметтік әдеп нормаларын сақтау және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне кері әсер етуі мүмкін ақпараттарды жариялауға жол бермеу қажеттігі еске салынды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1272764?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді