
Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурсқа құжаттар 2026 жылдың 10-14 тамыз аралығында қабылданады.
Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:
Номинациялар түрі:
Үздік еңбек әулеті;
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері;
Өндірістің Үздік жас маманы.
Өндірістің үздік жас маманы.
Конкурс мақсаты:
ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;
«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.
Қойылатын талаптар:
Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс қарапайым жұмыскері таңдалады;
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік және ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурсты өткізу мерзімдері: 10-14 тамыз аралығында мерзімде өңірлік деңгейде үміткерлерден материалдар мен өтінімдерді қабылдау;
20 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек Жолы» республикалық байқауының облыстық комиссиямен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау;
қыркүйекте өнірлік еңбек форумдарында женімпаздарды марапаттау;
25 тамызға дейін «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінен жеңімпаздардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ұсыну;
1-15 қыркүйек мерзіміне республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» республикалық байқау деңгейінің жеңімпаздарын анықтау;
қазан айына «Еңбек жолы» конкурсының женімпаздардын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында марапаттау.
Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен жайдан алуға болады:
Өтінімдерді конкурсқа қатысуға қабылдау «Qamqor.enbek.kz» платформа арқылы жүргізіледі және құжаттар қолма-қол қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1273877?lang=ru

Жауап қалдыру