
Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов Астана қаласы мәслихатының сессиясына қатысты.
Қарастырылған мәселелердің бірі – Астана қаласы аудандарының шекараларын өзгерту және белгілеу жөніндегі жобаны бекіту.
Жүргізілген нақтылау нәтижесінде әкімшілік аудандардың аумағы төмендегідей болды:
- «Алматы» ауданы – 8 412 га
- «Есіл» ауданы – 20 518 га
- «Нұра» ауданы – 18 516 га
- «Сарайшық» ауданы – 6 953 га
- «Байқоңыр» ауданы – 18 190 га
- «Сарыарка» ауданы – 7 144 га
Нәтижесінде барлық аудандарда шамалы өзгерістер болды.
Қала аумағының ауданы өзгеріссіз қалды – 79 733 га.
Жобаны қабылдау:
- қолданыстағы жерге орналастыру материалдарына нормативтік құқықтық актілердің сәйкестігін қамтамасыз етуге
- мемлекеттік жер кадастры және
- өзге де мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуге
- қала аумағын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған жобаны қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1274528?lang=ru

Жауап қалдыру