
Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында, «Робототехника әлеміне саяхат» практикалық шеберлік сабағы өтті.
Іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, робототехника мен заманауи технологияларға қызығушылығын дамыту, инженерлік және логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Шеберлік сабағын «Robolatorykz» балалар робототехника мектебінің жетекшісі – Сарсенбаева Даурия Сансызбайқызы жүргізді.
«Біздің мектеп осыдан 3 жыл бұрын ашылды. Бүгінде 50-ден астам оқушы бар. Жас ерекшекшеліктері 5 жастан 12 жасқа дейінгі оқушылар. Әр сабақ 2 сағаттан өткізіліп отырады. Сабақтар балалардың ыңғайына, уақытына қарай реттеліп, өткізіледі. Жасөспірімдер арасында роботехникаға деген қызығушылық жыл сайын арту себебінен, мектебіміздегі балалардың қатары да өсуде» – деп, өз сөзінде робототехника мектебінің администраторы Толқын Сәрсенбаева тоқталып кетті.
Аталған шара балалардың техникалық шығармашылығын қолдауға, инновациялық ойлауын дамытуға және заманауи цифрлық технологияларға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект және цифрлық технологиялар туралы ақпараттық лекцияға қатысып, робототехника бойынша практикалық тапсырмалар орындап, роботтарды құрастыру және бағдарламалау негіздерін меңгерді. Сонымен қатар, психологиялық тренинг арқылы командалық жұмыс, қарым-қатынас және эмоционалдық тұрақтылық дағдыларын дамытты.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1274234?lang=ru

Жауап қалдыру