Ақтөбеде «Жастар. Жігер. Болашақ» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Keruen City сауда ойын-сауық орталығында Халықаралық жастар күніне орай «Жастар. Жігер. Болашақ» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараны Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды. Жәрмеңкеге 20-ға жуық ұйым мен кәсіпорын қатысып, жұмыс іздеушілерге 150-ден астам өзекті бос жұмыс орнын ұсынды.

Жәрмеңкеге келген азаматтар жұмыс берушілердің ұсыныстарымен танысып, тікелей сұхбаттасудан өтіп, жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алды.

Ұсынылған бос жұмыс орындарының қатарында фельдшер, арнайы техника жүргізушісі, іс жүргізуші, ағылшын тілі, математика және химия пәндерінің мұғалімі, наубайшы және басқа да мамандықтар мен жұмысшы кәсіптер бар.

Іс-шарада жас мамандар мен жоғары және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне ерекше көңіл бөлінді. Оларға мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін «Жастар практикасы» бағдарламасы таныстырылды.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнатып, азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және мемлекеттік жұмыспен қамту шараларына тарту.

Айта кетейік, қазіргі таңда Enbek.kz электрондық еңбек биржасына Ақтөбе облысы бойынша 2 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылған. Кадрларға сұраныс өндіріс және өнеркәсіп, білім беру, сауда және қызмет көрсету, көлік және логистика, құрылыс, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, күзет және қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы салаларында жоғары.

Жұмысқа орналасу, мемлекеттік қолдау шараларына қатысу және кеңес алу мәселелері бойынша азаматтар тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгіне алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1274686?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді