
Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Кездесулер барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, қаскөйлердің әрекет ету тәсілдері және олардан қорғану жолдары түсіндірілуде.
Сонымен қатар азаматтарға дропперлік туралы жан-жақты ақпарат беріліп, банк карталарын, шоттарын немесе жеке деректерін бөгде адамдарға берудің заң алдындағы жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екені ескертілуде.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға арнайы ақпараттық жадынамалар таратып, жеке мәліметтерді құпия сақтауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және интернет арқылы жасалатын қаржылық операцияларды мұқият тексеруге шақыруда.
Жетісу облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруда.
Полиция азаматтарды қырағы болуға және күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1276120?lang=ru

Жауап қалдыру