Жастар тәрбиесі – құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері этикалық-құқықтық жұмыс жөніндегі менторлардың қатысуымен арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және профилактикалық жұмыстың тиімді тәсілдері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға құқықтары мен міндеттерін дер кезінде түсіндіру олардың өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына ықпал ететінін атап өтті.

Іс-шара барысында полиция, білім беру ұйымдары және тәлімгерлер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды. Өйткені құқық бұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып табылады.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде облыста жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалады. Бұл – полиция қызметкерлерінің, педагогтердің, тәлімгерлер мен ата-аналардың жүйелі әрі үйлесімді жұмысының нәтижесі.

Кездесу қорытындысы бойынша жаңа оқу жылына арналған бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

Жастар тәрбиесі – қоғамның болашағына салынған инвестиция. Ал заң талаптарын құрметтеу мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қауіпсіз қоғам құрудың маңызды шарты болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1276121?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді