Ақтөбеде қауіпті маневр жасаған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында «Өнер орталығы» алдындағы алаңда BMW автокөлігінің жүргізушісі дрифт жасап жүрген бейнежазба анықталды.
Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оған қатысты 4 әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар аталған көлік құралына қатысты жылдамдықты асыру бойынша 9 төленбеген айыппұл бары анықталды.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Басқа жағдайда полиция қызметкерлері үйлену тойы кортежінің құрамында жүрген Chery Tiggo автокөлігін анықтады. Жүргізуші қауіпті маневр жасап, ал жолаушылар көліктің терезесінен дене мүшелерін сыртқа шығарған.
Жүргізушіге қатысты 3 әкімшілік хаттама, ал жолаушыларға қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Департамент полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қауіпті маневрлер жасау, көлік құралын әдейі қауіпті тәсілмен басқару және жолаушыларды белгіленген талаптарды бұза отырып тасымалдау жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастырып, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1276123?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді