Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі   (бұдан әрі – министрлік) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы                        5-тармағына сәйкес 2026 жылғы 1  қыркүйек пен 12 қазан аралығында Министрліктің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын   хабарлайды.  

Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2.талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдаумен қамтылатын кезең – 2025 жылғы 01 қыркүйектен бастап 2026 жылдың 31 тамызға дейін.

Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1276124?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді