Маңғыстауда республикалық маңызы бар трассаларда бақылау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция ротасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күшейтілген рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға және олардың жолын кесуге ерекше назар аударылуда. Әсіресе, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін құқық бұзушылықтар бақылауға алынған.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауын, маневр жасау және басып озу талаптарын орындауын, қарсы қозғалыс жолағына шығу, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану және басқа да жол қозғалысы ережелерінің сақталуын тексеруде.

Күшейтілген рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдардағы апаттылықты төмендету және барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге, жол жағдайын ескеруге және ұзақ сапар барысында демалысқа уақыт бөлуге шақырады.

Құрметті жүргізушілер!

Жолдағы қауіпсіздік ең алдымен әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, белгіленген жылдамдық режимінен аспаңыздар, қауіпті маневрлер жасамаңыздар және жолда барынша мұқият болыңыздар.

Өз қауіпсіздігіңізбен қатар, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты екеніңізді ұмытпаңыздар.

https://www.instagram.com/reel/DcHKBs1BVhl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1275903?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді