«Назар аударыңыз – балалар!»: ШҚО полициясы профилактикалық жұмыстың алғашқы қорытындысын шығарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Назар аударыңыз – балалар!»: ШҚО полициясы профилактикалық жұмыстың алғашқы қорытындысын шығарды

Үш күн ішінде 183 рейдтік іс-шара өткізіліп, 128 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Алғашқы үш күнде полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, 183 рейдтік іс-шара өткізді. Негізгі назар құқық бұзушылықтардың, жасөспірімдердің қараусыз қалуының және олардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін өзге де жағдайлардың алдын алуға аударылды.

Профилактикалық жұмыстар барысында ішкі істер органдарына 101 кәмелетке толмаған жеткізілді. Қараусыз және қадағалаусыз қалған 8 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Барлығы 128 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Профилактикалық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу. Іс-шара аясында есірткі заттарын қолданудың алдын алуға және жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған 11 профилактикалық іс-шара өткізілді.

«Назар аударыңыз– балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. 20 тамызға дейін полиция қызметкерлері рейдтік және профилактикалық іс-шараларды жалғастырып, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың қатысуымен болатын төтенше жағдайларға жол бермеуге ерекше назар аударады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1275904?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді