Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының

сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Кеген аудандық мәслихаты  Кеген ауданының 4 учаскеліксайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 03қыркүйекке дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;  

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 03 қыркүйекке дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағ.12:30-ден 14:00-ға дейін.

 

Кеген аудандық мәслихатының төрағасы–А. Нұғман.

Мәслихаттың орналасқан жері:  Кеген  ауылы, Момышұлы көшесі, 19А, Кеген аудандық мәслихатының ғимараты

Жауапты тұлға – Сагинбеков Нұрман Сәрсебекұлы, 3 қабат, № 55 каб., ұялы телефондарының нөмірі: 87086701907, 87714438106, электрондық пошта мекенжайы: kegen-maslihat@mail.ru  

 

Аудандық мәслихат 4 учаскелік сайлау комиссияларының 4мүшелерін сайлайды. 

 

№ р/с

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

 

1

2

3

4

Учаскелік сайлаукомиссиялары4

1.                   

№573

Ұзынбұлақ ауылы, Абай көшесі № 67, Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

 

1

2.

№578

Жайдақбұлақ ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, №31, Сейдахмет Босқынбаев атындағы негізгі мектеп ғимараты

1

3.                   

№ 587

Жіңішкеауылы, Молдасановакөшесі № 17, Жіңішкебастауышмектебі.

1

4.               

№ 590

А.Нүсіпбеков ауылы, Қарасай ауданы бойынша Шекара басқармасы, «Рабат» шекара бөлімшесі,

1

 

 «Кеген  аудандық  мәслихатының аппараты» ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1276631?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді