К5 маркалы бензинге арналған алкилат: Павлодарда жаңа мұнай-газ-химия жобасы жүзеге асуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энергетика министрлігі мұнай-газ-химия саласын дамыту, көмірсутек шикізатын терең өңдеуді кеңейту және қосылған құны жоғары өнім өндіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Осындай жобалардың бірі – Павлодар қаласында алкилат өндіретін зауыттың құрылысы.

Құны 35,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаны «INTERTRANS C.А.» ЖШС жүзеге асыруда.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, су деңгейін төмендету жұмыстары жүргізіліп, тауарлық парктер мен сорғы станцияларына арналған іргетастар тұрғызылуда, сондай-ақ әкімшілік ғимараттардың құрылысы жүргізілуде.

Жоба жылына 110 мың тонна бутан-бутилен фракциясынан 97,6 мың тонна алкилат өндіруді көздейді. Алкилат – жоғары октанды әрі экологиялық таза мотор отынының компоненті, ол К5 стандартына сәйкес келетін бензин өндіруде пайдаланылады.

Жобаны іске асыру көмірсутек шикізатын тереңірек өңдеуді қамтамасыз етіп, мұнай-газ-химия саласы өнімдерінің қосылған құнын арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, негізгі өткізу нарығы жоғары октанды бензин өндіретін отандық зауыттар болады. Сонымен қатар экспорттық жеткізілімдер де қарастырылуда.

Құрылыс кезеңінде 500-ге дейін жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін 178 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу 2026 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Зауытты пайдалануға беру 2027 жылдың IV тоқсанында жоспарланып отыр.

Қазақстанда өндіріс көлемін ұлғайту және мұнай-газ-химия саласын дамыту мақсатында бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында карбамид, бутадиен және полиэтилен өндіру жобалары бар. Бұл жобаларды іске асыру көмірсутек шикізатын терең өңдеуді кеңейтуге, саланың экспорттық әлеуетін арттыруға және тиісті өнімдер бойынша елдің ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1276243?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді