
Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына енгізілген өзгерістер бойынша семинар-кеңес.
Ағымдағы жылдың 03 шілдеде Департамент маман Ақмола облысының мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдарының басшыларымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында медициналық және фармацевтикалық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына енгізілген негізгі өзгерістер түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1277235?lang=ru

Жауап қалдыру