
Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығында мүгедектігі бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй және мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған комиссия отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелерімен қатар Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері, жұмыс тобына сарапшы ретінде қосылған «Балалардың құқығын қорғау орталығы» КММ директорының м.а. Арман Жеделов қатысты. Ол комиссия мүшелері мен қоғам қайраткерлері қатарында мүгедектігі бар балаларды қамқорлыққа алушыларды арнайы психологиялық дайындықтан өткізу қажеттігін айтып, осы дайындықтың арнайы бағдарламасын шығаруды ұсынды. Жиында тұрғын үйді бөлу жөніндегі жұмыс тобының құрамына профильді маманды енгізу, балаларға тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығаруға уақытша шектеу қою және олардың қаражатын мақсатты жұмсауға бақылауды күшейту мәселелері көтеріліп, қатысушылар ортақ шешімдерге келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1277741?lang=ru

Жауап қалдыру