
2026 жылғы 19 тамызда мобильді фронт-офис Шал ақын ауданына барып, кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Көшпелі кездесуге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Атамекен Қызылжар» МҚҰ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері таныстырылып, жеңілдетілген несиелеу, микрокредит беру, гранттық қаржыландыру, сондай-ақ өз ісін ашу және дамыту мәселелері бойынша жан-жақты консультациялар берілді.
Мобильді фронт-офис кәсіпкерлерге қажетті ақпарат пен білікті консультацияларды өңірлерде қолжетімді ету бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1277140?lang=ru

Жауап қалдыру