«Зияткер» интеллектуалдық ойыны аймақтық деңгейде өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Семей қаласында «Quiz Керуен» жобасы аясында «Зияткер» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.

Аймақтық сипатта өткен білім бәйгесіне Семей қаласының командаларымен қатар Шығыс Қазақстан облысынан 2 команда, сондай-ақ Абай, Бесқарағай және Көкпекті аудандарынан келген командалар қатысты. Жалпы 17 команда білім мен тапқырлық бәсекесінде өзара бақ сынасты.

Ойын барысында қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті, білім көкжиегі, жылдам шешім қабылдауы мен командалық үйлесімділігі сыналды. Әртүрлі бағыттарды қамтыған сұрақтар сайыстың тартысты әрі мазмұнды өтуіне мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1277253?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді