Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы шеңберінде көшпелі тексерулер жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы шеңберінде көшпелі тексерулер жүргізілді
2026 жылғы 18–21 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық профилактикалық іс-шарасы (РПІШ) шеңберінде Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Іле аудандық пробация қызметі бөлімі Іле аудандық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларға қатысты көшпелі тексеру іс-шараларын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қайталама құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ сотталғандар тарапынан сот белгілеген міндеттер мен шектеулердің қатаң сақталуын тексеру болып табылады.
Тексеру барысында пробациялық бақылау талаптары мен қоғамдық тәртіптің сақталуына ерекше назар аударылды. Реномелік рейдтік іс-шаралар қорытындысы бойынша есепте тұрған тұлғаларға қолданыстағы заңнама талаптары, белгіленген міндеттер мен шектеулер, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік қайта түсіндірілді.
Осы бағыттағы профилактикалық және тексеру жұмыстары ҚАЖ департаментінің тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1277905?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді