МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ: ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРДІҚР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚠️ МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ: ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРДІҚР Құрылыс кодексінің 135-бабына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандардың нысандарға кедергісіз кіріп-шығуына (қолжетімділігіне) қатысты өзгерістер енгізілді.📌 Не өзгерді?2026 жылғы 1 шілдеден бастап нысандардың қолжетімділік декларацияларын келісу және оларды тексеру функциясы жергілікті әкімдіктерден толығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Комитетіне және оның облыстық департаменттеріне ауысты.👨‍💼 Ауыл әкімдеріне тапсырма:Өз аумақтарыңыздағы барлық мемлекеттік және жекеменшік нысан иелеріне бақылау функциясының Министрлікке өткенін түсіндіруді және осы бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсетуді сұраймыз.🏢 Баланс ұстаушыларға (нысан иелеріне):Ғимараттардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуын қамтамасыз ету — заңды міндет. Алдағы уақытта декларацияларды келісу және нысандарды тұрақты түрде тексеру жұмыстарын тікелей Министрліктің облыстық Департаменті жүргізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1277892?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді