Астанада футбол турнирі ерекше перформанспен басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Халықаралық Жастар күніне арналған жастар ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті. Матч басталар алдында жастар Құрылтай сайлауына арнап ерекше перформанс ұйымдастырды. Олар ұйымдасқан түрде «белгі» кескінін бейнеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ойын алаңында қала жастары мен республикадан келген аяқ доп шеберлері сынға түсті. Жүзден астам жас қатысқан футболды тамашалаушылардың қарасы қалың. Әр жанкүйер өз ойыншыларының жүлдегер болғанын қалайды.

«Астана жастары» ұйымының жеңіске жеткенін қалаймын. Осы командаға жанкүйер болып келіп отырмын. Халық­аралық Жастар күніне байланысты шағын футболдан жарыс ұйымдастырған азаматтарға алғыс айтамын. Менің достарым ойын алаңында өзгеше көзге түсіп келеді. Солармен мақтанғым келеді», – дейді астаналық жанкүйер Мансұр Ернарұлы.

Доп додасында алаңнан көрінген ойыншылардың осалы жоқ. Бәрі де жеңіс жалауын желбіретуге ниетті.
«Елордада Алматы ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында он күндік іс-шаралар жоспарланған. Сол жоспардың бірі Жастар ұйымдары арасында футболдан турнир ұйымдас­тырып отырмыз. Турнирге рес­публиканың әр түкпірінен және қаланың жастар командасы қатысып отыр. Бұл «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» аясында ұйымдастырылғанын айтқым келеді.

Шараға шамамен жүзден аса жастар қатысты. Ойын алаңында олар бақтарын сынайды. Жеңімпаздар кубокпен және қаржылай марапатталады», – деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ерлан Айдар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1278320?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді