
Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері әуежайда, яғни қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киген алты азаматты анықтады. Олар Атырау – Стамбұл әуе рейсімен шетелге ұшқан Атырау қаласының тұрғындары болып шықты.
Құқық бұзушылар елге оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар аталған тұлғалармен алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Көлік полициясы заңнамада белгіленген талаптарды сақтау көлік инфрақұрылымы объектілерінде аса маңызды, өйткені мұнда жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың жеке басын уақтылы анықтау зор маңызға ие екендігін еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1278058?lang=ru

Жауап қалдыру