Атырауда 8 әлеуметтік жобаға қаржылай қолдау көрсетіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырауда азаматтық белсенділікті арттыруға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған «Үздік жобалар» шағын гранттар байқауы қорытындыланды.

Байқау «Қоғам дауысы» жобасы аясында ұйымдастырылып, қатысу үшін 28 үміткер өтінім білдірді. Оның ішінен 16 адам байқаудың міндетті кезеңі – «Қоғамдық бастамалар мектебі» тренингін сәтті аяқтап, әлеуметтік жобаларды әзірлеу және таныстыру бағытында тәжірибелерін жетілдірді. Олар 18 тамызда өз жобаларын қорғап, нәтижесінде, әлеуметтік маңызы бар 8 жоба жеңімпаз атанды.

«Волонтерлік және игі істер» бағыты бойынша Гүлфайрус Бекболатованың «Jas Damu», Дәмелі Уапованың «Дәм әже» мектебі жобалары жәнех «Тең мүмкіндіктер және инклюзия» бағыты бойынша Зайда Нұғманованың «Шуақ» инклюзивті театры үздік деп танылды. Ал «Креативті индустрия» бағыты бойынша Жанаргүл Шарғабаеваның «Креативті толқын» жасөспірімдерге арналған коворкинг-креатив орталығы, Индира Мұқтарқызының «TALENTA» шығармашылық кеңістігі және Әсима Әмірованың «Жас ақын» шығармашылық академиясы қолдауға ие болды.

«Бұқаралық спорт және салауатты өмір салты» бағыты бойынша Қуат Жанесеевтің «Бақытты балалық шақ» және Бекзада Меңдекенованың «Chess Bonds» жобалары жоғары бағаланып, грант иегері атанды.

Байқау жеңімпаздарының әрқайсысына өз жобаларын жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, жоба Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «4 билік» Атырау журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1277329?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді