Аягөз ауданында құрғақ шөптің жануы оқшауланып, Ақсуат ауданында толық сөндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Аягөз ауданындағы Ақбастау учаскесінде 75 гектар, Қоғалы учаскесінде 70 гектар аумақтағы құрғақ шөптің жануы оқшауланды. Ашық жану ошақтары байқалмайды. Жекелеген учаскелерге су себу жұмыстары жүргізіліп, қайта жанудың алдын алу мақсатында аумаққа бақылау жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары, ТЖМ-нің 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар және «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Барлығы 180-нен астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылған. Әуеден барлау барысында аумақ пен өрт ошақтарына әуеден шолу жүргізілді. Нәтижесінде өрттің оқшауланған учаскелерден тыс таралмағаны анықталды. Жағдай ТЖМ бақылауында.

  Абай облысының Ақсуат ауданындағы дала өрттері сөндірілді. Ырғызбай ауылдық округіндегі Белбастау, Ойыл және Тоты учаскелеріндегі өрт ошақтары толығымен сөндірілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіруге ТЖМ, әскери бөлім және жергілікті атқарушы органдардан шамамен 143 адам мен 27 техника жұмылдырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-abay/press/news/details/1277328?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді