
БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІНІҢ МЕРЗІМІ ҚАНДАЙ ЖӘНЕ ОЛ ҚАЙ КҮННЕН БАСТАП ЕСЕПТЕЛЕДІ?
Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес, банкроттық рәсімінің мерзімі 9 айды құрайды.
Кредиторлар жиналысының шешімі бойынша бұл мерзім 2 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.
Сонымен қатар, банкроттық рәсімінің мерзімін қайта ұзартуға жол беріледі. Алайда рәсімнің жалпы ұзақтығы 5 жылдан аспауға тиіс.
Банкроттық рәсімінің мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
Норма Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 84-бабы 1-тармағында көзделген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1278180?lang=kk

Жауап қалдыру