Бейжіңде Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы туралы фотокөрме ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында еліміздің тарихы, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған «Ғасырлар ізімен: Қазақстан тарихының бейнесі» фотокөрмесі ашылды.

Көрмені Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Экспозицияға Қазақстан тарихының әр кезеңінен сыр шертетін, тарихи ескерткіштерді, этнографиялық мұра мен дәстүрлі мәдениетті бейнелейтін фотосуреттер қойылған. Көрме қытайлық көрерменді еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасымен және ұлттық құндылықтарымен таныстырады.

Іс-шара Қазақстан мен Қытайдың мәдениет жылдары аясында өтіп жатыр. Көрме екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі дамытуға бағытталды.

Фотокөрмені 2026 жылғы 29 тамызға дейін тамашалауға болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1278224?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді