Орталықтағы жерасты өткелі жаңа кейіпке енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында жаяу жүргіншілерге қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның нәтижесінде орталықтағы жерасты өткелі жаңартылып, заманауи талаптарға сай жабдықталды.

Жөндеу жұмыстары аясында өткелдің ішкі келбеті жаңартылып, жарықтандыру жүйесі ретке келтірілді. Бүгінде өткел жарық әрі таза. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылып, қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді.

Сонымен қатар өткел қабырғалары қазақи нақыштағы көркем суреттермен безендірілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1278223?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді