ОТЫРАРДА ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытындағы жаңа ірі жоба жүзеге асуда.
«Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мақта тұқымын өңдеу және тұқым өндіретін заманауи зауыттың құрылысын бастады.
Жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде жылына 1500 тонна мақта тұқымын өңдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда зауыт салынатын аумақта жерді тегістеу жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары басталды.
Жобаның аудан экономикасы үшін маңызы зор. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісіне жаңа серпін берілмек.
Бұл – Отырар ауданында өндіріс орындарын көбейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды қадам.
Өндіріс дамыса – өңір өркендейді!
Жаңа кәсіпорындар – жаңа мүмкіндіктер мен тұрақты жұмыстың кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1277108?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді