
2026 жылғы 19 тамыз күні Қоңыр ауылдық округінің аумағында дала өрті орын алды. Өрт салдарынан зардап шеккен адамдар жоқ.
Осыған байланысты, әсіресе егін жинау және шөп шабу науқаны кезінде шаруа қожалықтарының басшыларын, механизаторларды және ауыл тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Құрғақ шөп пен егістік алқаптарының маңында ашық от жағуға, темекі тұқылын тастауға және өрт шығу қаупі бар әрекеттерге жол бермеңіздер. Ауыл шаруашылығы техникаларының өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуын қамтамасыз етіңіздер.
Өрт қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік! Өз өмірімізді, мүлкімізді және табиғатымызды өрттен қорғайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-konyr/press/news/details/1277094?lang=ru

Жауап қалдыру