ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕ: МӘСЕЛЕ МЕН МҮМКІНДІК

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, көпшіліктің көкейіндегі мәселелерді шешуге бағытталған «Ашық есік күні» акциясы Төлеби ауданында жалғасын тапты.
 
✅ Акция аясында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, жауапты сала басшыларына тікелей жүгінуге мүмкіндік алды. Жеке қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, жер қатынастары, жеке қосалқы шаруашылық және өзге де маңызды мәселелер бойынша өтініштер айтылды.
 
✅ Қабылдау барысында әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият тыңдалып, тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Жауапты бөлім басшылары көтерілген мәселелерді назарға алып, оларды шешудің нақты жолдарын айқындады.
 
🌿 «Ашық есік күні» – халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныстарын тікелей тыңдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
 
📍 Тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету – халыққа қызмет етудің басты қағидаларының бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1277391?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді