Әлем чемпионына темір тұлпардың кілті табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбеге Словакияда өткен U20 әлем чемпионатында 67 салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған балуан Қазыбек Қалмағамбетов оралды. Әлем чемпионынд Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдан ата-анасы, туған-туыстары және жүздеген жерлесі қарсы алды.

Шарада облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов сөз алып, тарихи жеңіспен оралған ұланымызға Облыс әкімі Асхат Шахаровтың ұсынысымен Allur компаниясы әзірлеген темір тұлпардың кілтін табыстады.

Қазыбек Қалмағамбетов – Ақтөбе облысы тарихында грек-рим күресінен U20 санаты бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1278414?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді