
✔️Ордабасы ауданындағы өндіріс орындарының негізгі шоғырланған аумағы – Бадам ауыл округіндегі индустриялық аймақ. Мұнда бүгінде бірқатар зауыт тұрақты жұмыс істеп, жаңа кәсіпорындардың қатары да толығуда. Өндірістік алаңның аумағын кеңейту бағытында жұмыстар жүргізіліп, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
✔️Аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам ауыл округіне жұмыс сапары барысында индустриялық аймақтағы бірқатар нысандарды аралап, қолға алынған жобалардың барысын көрді.
✔️Алдымен «Nur group» ЖШС-нің алюминий композиттік панельдер өндіру жобасы таныстырылды. «Алюкобонд» шығару арқылы құрылыс саласына қажетті өнімді жергілікті жерде өндіру көзделген.
✔️Сондай-ақ «Grand Pro» ЖШС-нің жиһаз өндірісін құру жұмыстары қаралды. Жобаға 1,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 100 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Өндіріс 2 гектар аумақта орналасады.
✔️«Югстройтехнология» ЖШС газобетон блоктары мен ішкі қабырға плиталарын шығаратын кәсіпорын құруда. Мұнда 2,2 млрд теңге инвестиция салынып, 80 жаңа жұмыс орны ашылады. Жылдық қуаты – 300 мың текше метр өнім. Жоба 4 гектар аумақта жүзеге асырылуда.
✔️Бұдан бөлек, «AMG Park» ЖШС балалар ойын алаңшаларын жинау өндірісін іске қосқан. Кәсіпорынға 400 млн теңге инвестиция салынып, 26 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаты – жылына 1000 дана өнім.
✔️Аудан әкімі нысандарды аралау барысында жұмыстардың қарқыны мен сапасына назар аударып, жобалардың белгіленген мерзімде іске қосылуын талап етті.
«Индустриялық аймаққа тартылған әр инвестиция нақты нәтижеге айналуы керек. Басталған жұмысты созбалаңға салмай, сапалы аяқтап, кәсіпорындарды толық қуатында іске қосу қажет. Негізгі көрсеткіш – өндірілген өнім мен ашылған жұмыс орны», – деді Азат Оралбаев.
✔️Жауапты мамандарға әр нысанды тұрақты бақылауда ұстап, туындаған мәселелерді жедел шешу және кәсіпкерлерге қажетті қолдауды қамтамасыз ету тапсырылды.
✔️Бадамдағы индустриялық аймақтың кеңеюі ауданның өндірістік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Ендігі міндет – басталған жобаларды сапалы аяқтап, кәсіпорындарды белгіленген мерзімде іске қосу және әр инвестицияның нақты нәтижесін қамтамасыз ету.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1278341?lang=ru

Жауап қалдыру