ОРДАБАСЫЛЫҚ ОҚУШЫ ОБЛЫСТЫҚ «МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мұқағали оқулары» облыстық байқауы қорытындыланды.
📚Ақынның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға қызығушылығын арттыру және көркемсөз оқу шеберлігін дамыту мақсатында өткен байқауға облыстың аудан-қалаларынан жас талапкерлер қатысты.
📚Байқау қорытындысында Ордабасы ауданы, Бөржар ауыл округіне қарасты Қайнар ауылының тұрғыны Үмбетәлі Сарсенбаев Бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқаудың жеңімпазы атанды.
📚Жас талапкер байқау барысында Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын мәнерлеп оқып, ақын жырларының терең мағынасы мен көркемдік қуатын шебер жеткізе білді.
📚Үмбетәлінің бұл жеңісі – Қайнар ауылының ғана емес, барша Ордабасы ауданының мерейін үстем еткен айтулы жетістік. Жас өреннің облыстық деңгейдегі байқауда топ жаруы – ауданда жас ұрпақтың өнері мен шығармашылығын қолдауға бағытталған жұмыстардың нәтижесі.
📚Сонымен қатар байқау барысында бірқатар қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталып, белсенділік танытқан жас талапкерлер мен оларды дайындаған жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
📚Үмбетәлі Сарсенбаевты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биіктерден көрінуіне тілектестік білдіреміз!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1278340?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді