
Сарыағаш ауданында өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру, өндіріс саласын өркендету және кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы ретте ауданда өндірістік паркті дамытуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағына барып, мұнда іске асырылып жатқан кәсіпкерлік жобалардың қазіргі жағдайын зерделеді.
Қазіргі таңда өндірістік парк аумағындағы бес кәсіпкерлік нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде аталған нысандарда өндірістік желілерді орналастыру, технологиялық құрал-жабдықтарды құрастыру және өндірісті іске қосуға қажетті жұмыстар жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1278563?lang=ru

Жауап қалдыру