Ақтауда дауыс берушілер ұлттық ойындарға қатысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде дауыс берушілер үшін ұлттық ойындар ұйымдастырылуда.

Іс-шараның мақсаты – сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Дауыс беруге келген тұрғындар асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, арқан тартыс, ләңгі тебу сынды қазақтың дәстүрлі ойындарына қатысып, өзара бақ сынауда.

Ұлттық ойындарға қала тұрғындарымен қатар, жастар да белсенді қатысып, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген қызығушылықтарын танытуда.

Мұндай мәдени-спорттық шаралар сайлау күнінің мазмұнын толықтырып, тұрғындардың белсенділігін арттыруға және ұлттық ойындарды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызмет

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1279185?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді