
Жасанды интеллект мемлекеттік сектордың жұмыс істеу тәсілдерін өзгертіп келеді. Ол мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бастап, деректерді талдау мен шешім қабылдау процестеріне дейін түрлі бағыттарға енгізілуде. Алдағы жылдары GovTech қалай дамиды және бұл үдерісте жасанды интеллект қандай рөл атқарады?
25 тамыз күні Semey Hub алаңында спикер Владислав Набокамен бірге «GovTech саласында жасанды интеллектіні дамытудың перспективалары» атты жабық практикалық воркшоп өтеді.
Іс-шара барысында қатысушылар:
GovTech ұғымымен және оның дамуындағы жасанды интеллектінің рөлімен;
Қазақстанда қазірдің өзінде қолданылып жүрген AI-сервистермен;
жасанды интеллектінің мемлекеттік қызметтерді өзгерту мүмкіндіктерімен;
2030 жылға дейін негізгі технологияларға айналуы мүмкін шешімдермен;
AI қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдерімен;
жасанды интеллектіні енгізуге арналған өз идеясын бағалау тәсілдерімен танысады.
Воркшоптың практикалық бөлімінде қатысушылар өз ұйымдары үшін «AI-инициатива паспортын» әзірлеп көреді. Практика барысында процесті таңдаудан бастап, нақты міндетті анықтау және жасанды интеллектіні енгізуден күтілетін нәтижені бағалауға дейінгі кезеңдер қарастырылады.
Іс-шара Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен Semey Hub арасындағы өңірдің IT және цифрлық экожүйесін дамыту бағытындағы өзара байланысты нығайтуға арналған арнайы бағдарлама аясында өтеді.
Күні: 25 тамыз 2026 жыл
Уақыты: 16:00
Форматы: офлайн, жабық іс-шара
Өтетін орны: Semey Hub
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-digital/press/news/details/1279168?lang=ru

Жауап қалдыру