
Ақтөбеде полиция қызметкерлері адасып қалған қызды ата-анасына аман-есен табыстады.
Таңғы уақытта патрульдік қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері көшеде жалғыз жүрген алты жасар қызды байқап қалған. Бала жылап, ата-анасын іздеп жүрген.
Анықталғандай, қыз аулада ойнап жүріп, байқамай көшеге шығып кеткен. Үйіне қайтар жолды таба алмай, абдырап қалған.
Полиция қызметкерлері баланы қауіпсіз жерге жеткізіп, оның ата-анасын іздеуге кірісті. Жақын маңдағы аулалар мен көшелер тексеріліп, көп ұзамай қыздың отбасы анықталды.
Полицейлер баланы ата-анасына аман-есен табыстады.
Оқиға барысында полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеті баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Полиция ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ балаға адасып қалған жағдайда полиция қызметкеріне немесе сенімді ересек адамға жүгіну керектігін алдын ала түсіндірген жөн.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1279249?lang=ru

Жауап қалдыру