
Талдықорған қаласындағы №395 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып «Ұлан» әскери қалашығының тұрғыны, қазіргі уақытта декреттік демалыста жүрген Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бас маманы Балайым Шайморданова дауыс берді.
Балайым азаматтық борышын алғашқылардың бірі болып орындау үшін таңғы сағат 6-ға жуық уақытта сайлау учаскесіне келді. Барлық қажетті рәсімдер жылдам әрі ұйымдасқан түрде жүргізілді.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ермек Асемқұлов Балайымды дауыс беру күнінің басталуымен құттықтап, белсенді азаматтық ұстанымы үшін естелік сыйлық табыстады.
«Бірінші болып дауыс бергім келіп, әдейі ерте тұрдым. Жылы қарсы алғандарыңызға және жақсы ұйымдастырылған жұмыстарға рақмет», — деді Балайым Шайморданова.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1279212?lang=ru

Жауап қалдыру