Құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 19 тамызы Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Төлегенов С. және Атырау облысы Құрылыс басқармасы, құрылыс бөлімінің бас маманы Бекмұханбетов Р. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және құрылыс объектілерінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында төмендегі құрылыс объектілерінде, яғни
1. Атырау қаласы, Еркінқала шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысында;
2. Атырау қаласында халықаралық талаптарға сәйкес 12 000 көрерменге арналған жаңа стадион құрылысында;
3. Атырау қаласында үш қосалқы станциясы бар жедел медициналық жәрдем станциясының, техникалық қызмет көрсету станциясы мен қосалқы станциялардың бірінде автожуудың құрылысының аумағында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары барысында құрылыс ұйымдарының басшыларына, жауапты тұлғаларына, мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың жұмыскерлеріне құрылыс объектілеріндегі қауіпсіздік талаптарын, оның ішінде жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау міндеттері;
2. құрылыс алаңындағы қауіпті аймақтарды белгілеу және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу;
3. жұмыскерлерді арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету және оларды міндетті түрде пайдалану;
4. биіктікте жұмыстарды қауіпсіз орындау, сақтандыру жүйелерін пайдалану және жұмыс орындарын тиісті қоршаулармен қамтамасыз ету;
5. жүк көтергіш механизмдер мен құрылыс машиналарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау;
6. көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің құрылыс аумағында қауіпсіз қозғалысын ұйымдастыру;
7. жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама жүргізу және олардың білімін тексеру;
8. өндірістік жарақаттануға әкелуі мүмкін қауіпті әрекеттерге жол бермеу;
9. жазатайым оқиғалардың алдын алу және оқиға болған жағдайда белгіленген тәртіппен хабарлау;
10. бас мердігерге тікелей бақылау жүргізу, мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар арасында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
11.Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасау;
12.Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес құрылыс аймақтарында өтемелі қызмет көрсету шарты тиым салынғанын, міндетті түрде жұмысшылармен еңбек шартын жасау керектігі айтылды.
Түсіндіру барысында жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні, сондай-ақ заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігі түсіндірілді.
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1279287?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді