
Маман сертификатын алу тәртібіндегі жаңашылдықтар талқыланды
2026 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Мақат аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК медициналық қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Семинар барысында денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алу тәртібіндегі жаңашылдықтар түсіндіріліп, қолданыстағы талаптар мен рәсімдер бойынша ақпарат берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін растау және маман сертификатын алу рәсімдеріне енгізілген өзгерістер туралы хабардарлығын арттыру.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/1279351?lang=ru

Жауап қалдыру