
Мұнайлы ауданында «Бізден сұраңыз, біз қасыңыздамыз» республикалық акциясы аясында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Акция барысында Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғындармен кездесіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында азаматтарға отбасылық жанжалдардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетілетін көмек түрлері туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық кеңестер қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылып, құқықтары бұзылған жағдайда полиция қызметкерлеріне жүгінуге болатыны түсіндірілді.
Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз отбасылық ортаны қалыптастыру.
Полиция мен халық арасындағы ашық диалог – қауіпсіз қоғамның негізі.
https://www.instagram.com/reel/DcdFEWwqgxl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1279694?lang=ru

Жауап қалдыру