Рубрика «Ашық микрофон»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «Ашық микрофон» айдары аясында «Ерлік» мүгедек-арба пайдаланушылар қоғамдық бірлестігінде департамент басшысы мен қызметкерлерінің қатысуымен жылы әрі сенімді атмосферада кездесу өтті.

Іс-шараға «Ерлік» мүгедек-арба пайдаланушылар қоғамдық бірлестігінен Р. Ақжаркенова, М. Шарипов, Н. Тұрғанбек, департамент басшысы З. Илимжанова, басшының орынбасары С. Булебаев, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Б. Акимбеков қатысты.

Кездесудің мақсаты – мүгедектігі бар адамдарды толғандыратын мәселелерді ашық талқылау, сондай-ақ департамент өкілдерінен қажетті түсіндірмелер алу.

Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына (ЖОБ), техникалық оңалту құралдарын, соның ішінде белсенді электрлі мүгедек арбаларын алу тәртібіне, оларды ұсыну шарттарына, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігіне және қажетті көмекті алу тетіктеріне қатысты сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, оларды рәсімдеу тәртібі, қажетті құжаттар және зейнетақы төлемдерін есептеу ерекшеліктері жөніндегі мәселелер қаралды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, барлық қойылған сұрақтарға құзыретті әрі толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1279711?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді