
«Ауылдан адам кеткенмен, адамнан ауыл кетпейді» дегендей, қазіргі таңда басқа өңірде тұрса да, туған жеріне үнемі қамқорлық танытып жүретін ауылымыздың тумасы Гүлбаран Нүсіпова апамыз кезекті сауапты ісін жасады.
Жылдағы игі дәстүрінен жаңылмай, Гүлбаран апамыз бұл жолы да ауылымыздағы 10 отбасыға азық-түліктей үлкен көмек беріп, қуаныш сыйлады.
Жүрегі туған жер деп соққан жанашыр апамыздың бұл қадамы — өзгелерге де үлкен үлгі-өнеге.
Алғыс: Ауыл тұрғындарының атынан Гүлбаран апамызға шексіз алғысымызды білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-arkarly/press/news/details/1279401?lang=ru

Жауап қалдыру