Ақтау қаласының әкімі білім беру нысандарындағы жөндеу жұмыстарын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 26 тамыз күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовтың төрағалығымен қаладағы білім беру нысандарында көшпелі жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлім басшылары, мектеп директорлары және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шаһар басшысы қаладағы №7, №8 және №11 мектептерге барып, білім беру нысандарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Әбілқайыр Байпақов атқарылған жұмыстардың сапасы мен орындалу барысын бақылап, анықталған мәселелерге назар аударды. Сонымен қатар, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы мен жылыту маусымына әзірлігіне басымдық берді.

– 1 қыркүйек – Білім күні жақындап келеді. Сондықтан адам күшін барынша жұмылдырып, жұмыстарды жедел әрі сапалы аяқтау қажет. Балаларға сапалы білім беру үшін мектептердегі жылу мәселесін де тез арада шешу керек. Бұл жұмыстар менің тікелей бақылауымда болады, – деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Көшпелі жиын қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты мамандарға жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, орындалатын жұмыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ мектептерді жаңа оқу жылына толық дайындау, жылыту маусымына қажетті жұмыстарды уақытылы аяқтау және анықталған мәселелерді жедел шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1280545?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді