
Отырар ауданында Құрылтай сайлауына қатысуға ниетті барлық азаматтардың өз таңдауын жасауына қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген.
Атап айтқанда, денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын қарт азаматтардың үйлеріне учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері барып, үйде дауыс беру рәсімін ұйымдастыруда.
Комиссия мүшелері қарт тұрғындардың отбасыларына арнайы барып, дауыс беру тәртібін түсіндіріп, олардың өз таңдауын еркін білдіруіне мүмкіндік жасауда.
Бұл – әр азаматтың сайлау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара. Отырар ауданында сайлау үдерісінің қолжетімді әрі заң талаптарына сай өтуіне барлық жағдай жасалуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1280040?lang=kk

Жауап қалдыру