
«Үнсіз қалмаңыз»: ШҚО-да отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу акциясы өтуде
25-27 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Егер өзіңіз немесе жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа тап болса, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтары бұзылған жағдайларға куә болсаңыз, төмендегі нөмірлерге хабарласыңыз:
102 — полиция. Тәулік бойы жұмыс істейді, қоңырау шалу тегін.
111 — отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сенім телефоны. Тәулік бойы жұмыс істейді, құпиялылық сақталады.
«Үлбі» дағдарыс орталығы: 77-19-22, 8-771-44-511-44.
Үнсіз қалмаңыз — дер кезінде хабарласу адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1280039?lang=ru

Жауап қалдыру