«Торпедо» ХК – Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласының «Торпедо» хоккей клубы Қазақстан Кубогын екінші рет жеңіп алып, турнирдің екі дүркін чемпионы атанды.

Турнирдің финалдық кездесуінде өскемендік команда қарағандылық «Сарыарқаны» 8:2 есебімен сенімді жеңіп, өткен жылғы чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Қазақстан Кубогының финалы екінші жыл қатарынан Қарағанды қаласында өтті. 2026 жылғы шешуші кездесуде «Торпедо» командасы «Сарыарқадан» тағы да басым түсіп, өткен жылғы жетістігін қайталады. Осылайша, өскемендік клуб Қазақстанның басты кубоктық жүлдесін қатарынан екінші жыл жеңіп алды.

Қазақстан Кубогы қайтадан Өскеменде қалды!

Бұл жеңіс хоккейшілер мен жаттықтырушылар штабының үйлесімді командалық ойынының, кәсіби шеберлігінің және жанкүйерлердің зор қолдауының нәтижесі болды.

«Торпедо» хоккей клубының ойыншыларын, жаттықтырушылар штабын, клуб басшылығын және барша жанкүйерлерді айтулы жеңіспен және жарқын жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1280268?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді