ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 388 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 388 512 адам жұмысқа орналасты. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жыл бойы жалғасып жатыр.

Бұл ретте азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға басымдық беріліп отыр. Жыл басынан бері 293 241 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Яғни жұмысқа тұрғандардың басым бөлігі ұзақ мерзімді еңбекпен қамтылды.

Тұрақты қызмет азаматтың табысын қалыптастырып, ертеңіне сенімді болуына жағдай жасайды. Ал еңбек шарты ресми түрде жасалған жағдайда, қызметкер заңда көзделген еңбек пен әлеуметтік кепілдіктерді пайдалана алады.

Жұмысқа орналасуға көмектесетін цифрлық қызметтердің дамуы да бұл бағыттағы жұмысқа оң әсер етіп отыр. Соның ішінде Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, өзіне қолайлы жұмысқа өтініш бере алады. Жұмыс берушілер де қажетті қызметкерді іздей алады.

Бұл жүйе жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеп жүрген азаматтардың сұранысын жылдам сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдарға өзіне лайықты жұмыс табуға көмек көрсетіледі.

Бұған қоса азаматтардың еңбек нарығындағы мүмкіндігін арттыру үшін кәсіби оқыту бағдарламалары мен жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылып жатыр. Олар сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, жаңа дағдыларды үйренуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1280267?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді