
Жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік кірісіне мыналар жатады:
төменде көзделген құн өсімінен түсетін кіріс;
дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс.
Құн өсімінен түсетін кіріс мына жағдайларда:
жеке тұлғаның төменде көрсетілген мүлікті өткізуі;
салым ретінде төменде көрсетілген мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;
талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша басқаға беру кезінде түзіледі.
Құн өсімінен түсетін кіріс осы тармақта көрсетілген жағдайлар басталған салықтық кезеңде түзіледі.
Осы ережелер жеке тұлғаның мынадай мүлкіне қолданылады:
жылжымайтын мүлік, оның ішінде жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;
көлік құралдары, оның ішінде тіркемелер;
инвестициялық алтын;
заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
бағалы қағаздар;
туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
цифрлық активтер;
оңайлатылған декларация негізінде не шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің активтері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1281342?lang=ru

Жауап қалдыру