Шымкент пен Измир арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының өкілдері Түркияның Измир қаласының мэрі Джемиль Тугаймен кездесті. Кездесу барысында 2004 жылдан бері бауырлас қалалар ретінде қалыптасқан Шымкент пен Измир арасындағы өзара байланысты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Кездесуде мәдениет, туризм, білім және ғылым, сондай-ақ қалалық басқару салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, логистикалық байланыстарды нығайту және цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды.

Шымкент Қазақстанның ірі экономикалық орталықтарының бірі ретінде түрік серіктестерімен өзара тиімді жобаларды іске асыруға және инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптастыруға мүдделі.

Қазіргі таңда қалада түрік капиталының қатысуымен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен бірге Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті консулдығы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға және қоғамдық ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Шымкент пен Измир арасындағы бауырластық байланыстарды жаңа мазмұнмен толықтырып, өзара сенімге негізделген серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Тараптардың пікірінше, қалыптасқан тәжірибе мен өзара тиімді ынтымақтастық екі қала арасындағы байланысты сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1281343?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді